Денсаулық апталығы

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 30 вер 2024
  • Өңірде репродуктивті денсаулық апталығы өтіп жатыр. Соның аясында аймақ тұрғындары білікті мамандарға жүгініп, тегін медициналық көмектер ала алады.
    Бұл іс-шара жоспарланбаған жүктілікті және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды болдырмауға, ер мен әйелдің денсаулық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ, жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алуға бағытталған. Акцияға мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар қатысады. Мамандардың сөзінше, мұндай апталықтың ұлт саулығын нығайтуға ықпалы зор.
    ГҮЛНАР ЖҰМАШЕВА - ОБЛЫС ӘКІМДІГIНIҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР IСТЕРI ЖӨНІНДЕГІ ШТАТТАН ТЫС УӘКІЛI //Апта аясында денсаулық сақтау орындарында ашық есік күндері, жасөспірімдерге арналған тегін медициналық тексерулер және кеңестер ұйымдастырылады.
    Сайт - qyzylordatv.kz...
    Facebook - / qyzylordatv
    Instagram - / qyzylordatv
    Telegram - t.me/qyzylords_tv
    Tiktok - / qyzylorda_tv

КОМЕНТАРІ •