Автокөлікті 5 минут қыздыру туралы шешімді дереу өзгерту керек | Таксистерді тонамаңдар!

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 7 лют 2025
  • #НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews
    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярға
    ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
    Бүгінгі тақырып тасымал туралы. Тәулік бойы тыным таппай жолаушы тасымалдайтын такси мен автобустың тізгінін ұстаған азаматтарды тәртіпке саламыз деп, - Үкімет үмітін үкілеп Мәжіліске заң жобасын ұсынды. Тақырыбын тәптіштеп айтсам, жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы мемлекет құзыретінің бір бөлігін өзін-өзі реттеу ұйымдарына беру, солардың тілінде «СРО» құру.
    Бұған сарапшылар әуел бастан қарсы болды, Мәжілісте де талай түйреп, сынымызды дәйекпен айттық. Бірақ мемлекеттік органдар тас жолдағы қауіпсіздікті өздері ретке келтіре алмай отырып, жауапкершілікті жекеменшік ұйымға ысыра салуға бағытталған бағдарынан бас тартпай отыр. Себебі мен салдарын санамалап берейін.
    Бірінші мәселе. Заң жобасы өзін-өзі реттеу ұйымдарына жолаушылар тасымалындағы тарифті белгілеу, бағаны реттеу құзыреттерін бермек. Бұл қате. Құрылуы мүмкін өзін-өзі реттеу ұйымдары азаматтарымызды аямайтыны екібастан белгілі. Бұл жерде тұтас саланы жекеменшік ұжымдарға жығып беру - монополияны қолдан жасауға бағытталған қисынсыз әрекет. Біздің Үкімет тыңнан түрен салып жатқан жоқ. Мәселен такси қызметін өзін-өзі реттеу ұйымына бергендердің бірі АҚШ, Калифорния штаты. Салдары ауыр, біріншіден тұтас салаға қожайын болған қауымдастық өзіне жақын такси компанияларын ғана тіркеп қалғандарына жолаушылар тасымалдауға тыйым салған. Екіншіден жекенің қолына өткен саладағы қауіпсіздік талаптары жеңілдетілгендіктен таксилер демалыссыз жұмыс істеген. Салдарынан таксидің қатысуымен болған жол апаттары 15 пайызға көбейген. Бұл СРО-ны енгізгеннің салдары.
    Екінші мәселе. Жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы қауіпсіздік мәселелерін өзін-өзі реттеу ұйымына беру адамдардың өміріне жүрдім-бардым қараудың нақты көрінісі.
    Ақшаның артынан қуған жекеменшік ұйымдар қауіпсіздікке қалай болса солай қарайтыны айтпаса да түсінікті. Мысалы Бразилияда жолаушы тасымалдау өзін-өзі реттеу ұйымына берілген. Олар дереу автобустарға берілетін лицензияның талаптарын жеңілдетіп тастаған. Салдарынан автобустардың қатысуымен болған жол апаттарының саны 15 пайызға көбейген, жапа шеккендер санында есеп жоқ.
    Біздің елде де жол апаттары жыл сайын жүздеген адамның өмірін жалмайды, бұл проблеманы мемлекеттік органдар шеше алмай отырып, ақыр аяғында жолдағы қауіпсіздікті өзін-өзі реттеу ұйымына бере салу туралы шешімдері ақылды адамның әрекеті емес.
    Үшінші мәселе. Қазақта «Сараң бай союға қозы таппай, жарлының жалғыз тоқтысын сұрайды» деген сөз бар. Жұмыссыз жүрген жандар мен айлығы шайлығынан артылмайтын ағайын такси болып нәпақа таба бастағаны сол еді, уәкілетті министрлік бұл саланы «реформалау керек» деген бастамамен шыға келді.
    Министрліктің ойынша, енді әр таксист өзін-өзі реттеу ұйымына мүше болып жарна төлеу керек екен. Депутаттар бұл нормаға қарсы шыққанда, жарнананы такси қызметімен айналысатын мобильді қосымшаларға тіркелген жеке кәсіпкерлер төлейді деді министрлік. Бірақ міндетті төлемдердің енгізілуі жолаушы тасымалдау қызметінің қымбаттауына әкеледі, жапа шегетін қарапайым халық.
    Осы ретте такси және автобуспен жолаушы тасымалдайтын салаға өзін-өзі реттеу ұйымын енгізу, яғни СРО құрып азаматтарды оның қатарына кіруге міндеттеу тұтас саланың бір қолға өтуіне, салдарынан монополияның орын алуына апарар жол. Біз «Аманат» фракциясының бір топ депуттары бұл қисынсыз шешімді тоқтатын нақты нормаларды заңға енгіздік. Әріптестерімізді де, Үкімет өкілдерін де аталған түзетулерді қолдауға шақырамын.
    Ардақты ағайын, көлік туралы айтқанда қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан автокөлікті 5 минуттан артық оталдырып тұруға болмайды деген ақылға томпақ талаптан аттап кете алмаймын.
    Бұл 20 жылдан астам уақыт бұрын Үкімет бекіткен шешім. Бірақ аталған қаулының қате екеніне бәріміздің көзіміз жетіп отыр, қоғамда қатаң сынға алды. Бұл ақылға сыймайтын шешім, себебі сарышұнақ аязда көлікті қыздармасаң темір тозады, көлік бұзылады, оны жөндеп шығынға бататын баяғы бұқара халық.
    Бұл турасында бір ғана ұсыныс бар, автокөлікті 5 минуттан артық оталдырып тұруға тыйым салатын министрліктің шешімін дереу өзгерту керек. Әрине қоршаған ортаны да қорғау керек, бірақ нақты өмірдегі жағдайды да ескеру қажет. Көлік оталып тұрғаннан экологияға зиян келеді дейтін уәкілетті органдар алдымен ауаға тонналап зиянды қалдық тастайтын зауыттар мен аспаннан қара қар жаудыратын мекелерді тәртіпке салып алсын.
    Құрметпен, депутат Н. Сәрсенғалиев
    Интаграм: ...
    Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

КОМЕНТАРІ • 267

  • @assalaymagalakym4882
    @assalaymagalakym4882 9 днів тому +77

    Ақсақ қой түстен кейін маңырайды! Ол заңды қабылдаған ұйқылы ояу отырған депутаттар ғой

  • @QAZAQFILM-QAZAQFILM
    @QAZAQFILM-QAZAQFILM 9 днів тому +25

    Өте дұрыс

  • @КенесШайкенов
    @КенесШайкенов 9 днів тому +43

    Өте дұрыс!
    Қолдаймыз.

  • @БНурлибаева
    @БНурлибаева 9 днів тому +54

    Оте дурыс колдаймыз Нартай бауырым

  • @ДанияЖолымбетова
    @ДанияЖолымбетова 9 днів тому +24

    Жарайсың Нартай

  • @Оралай-щ7и
    @Оралай-щ7и 9 днів тому +28

    Нартай Аралбай жарайсың.

    • @Dana.D.
      @Dana.D. 9 днів тому +1

      НАРТАЙ ,СЕМІЗ КОЙ СИКАТТЫ .

  • @СардарбекДадешов-л8м

    Оте дурыс

  • @KairatBasyqarayev
    @KairatBasyqarayev 9 днів тому +25

    Мисыз заң шығарыушы Министрлерге , алтын сырға құлақтарыңызға сендерді реформалау керек .? .😂 Өте дұрыс , Нартай . ❤❤❤❤❤❤❤ .

  • @ШМАНИСКАКОВ
    @ШМАНИСКАКОВ 9 днів тому +21

    Осындай 20 депутат болса екен ғой шыркін. Сонда жақсы болар едікқой. Жарайсың бауырым. ✊😎🇰🇿👍👍

    • @АликАлик-з3п
      @АликАлик-з3п 9 днів тому

      Депутаттар ештене шешпейди.

    • @ОБМ-с3г
      @ОБМ-с3г 8 днів тому +1

      Бірінші заңды өзгертсінда кейін мақтайсың

  • @Bektileu-x5y
    @Bektileu-x5y 9 днів тому +6

    Рахмет сизге сау болын Нартай мрза

  • @АсланКонысбаев-ф1е
    @АсланКонысбаев-ф1е 9 днів тому +34

    ДҰРЫС АЙТТЫ ЕНДИ ТЫҢДАЙТЫН ҚҰЛАҚ БОЛСА

  • @РусланКаракузиев
    @РусланКаракузиев 9 днів тому +10

    Жараисын нартаи асхат

  • @КойшыбайАлибаев
    @КойшыбайАлибаев 9 днів тому +31

    Министлерді реформа жасау керек

    • @МаксЖУЗ
      @МаксЖУЗ 9 днів тому +2

      Анау қажет ,мынау қажет.өкіметке шығарған заңына бағындыру қажет. Бірлік болмай тірлік болмас дегенді біріктіре алмаған бабаларымыз мүмкі болмағансоң айтқан екен ау.бөлігенді бөрі жейді,бассыз үйдің иті осырақ, тб күйгесін айтқан екен ғой.шығысың шүршітке ,орталығың орысқа батысың батпаққа кетпесе жарар еді.

    • @ТилеубердиМылтыкбай-ф7г
      @ТилеубердиМылтыкбай-ф7г 9 днів тому

      Екі жүзді саткын енді неге манырап отырсын сол занды кабылдаганда ішінде сенде басынды шулгып отырдынгой халыкты солай алдаймын деп ойлама саткын əлі сазайларынды тартасындар халық жаулары кет кыртпай жогалшы арман

    • @ЕржанАхмет-у5ы
      @ЕржанАхмет-у5ы 9 днів тому +1

      Не жасаса да сауаттыларды жоғарыға жолатпаиды😂

    • @МаратЕсенгалиев-ю4х
      @МаратЕсенгалиев-ю4х 5 днів тому

      Никто не сможет изменить. Скляр и Шарлапаев "молодцы" не потопляемые.

  • @KuddusSeidaliev
    @KuddusSeidaliev 9 днів тому +14

    Өті дұрыс айты,

  • @МамырбекБайбосынов
    @МамырбекБайбосынов 9 днів тому +10

    Нартаи інім керемет орынды аитып жатыр біз қолдаимыз .
    Шіркінаи қасында отырған депутаттар барлығы бір ауыздан қолдаса дұрыс болар еді .

  • @НннНннн-в5г
    @НннНннн-в5г 9 днів тому +3

    Жарайсың Нартай халықтың ойын жеткіздің рақмет!
    Енді айтқаның жүзеге асса, жақсы болушы еді

  • @Adil-xk9gw
    @Adil-xk9gw 9 днів тому +15

    Естиген министрди́н кулагына алтын сырга

  • @KZ-_-04
    @KZ-_-04 9 днів тому +2

    Нартай Аралбай грамотна сөлейді Халықтын айтарын дөп түсіріп нақты нүктесін қойып айтты. АЛЛА Разы болсын сізге

  • @Насиба-т3ь
    @Насиба-т3ь 9 днів тому +7

    Нартай зор маладес

  • @БулатКунжанов-и7у
    @БулатКунжанов-и7у 9 днів тому +17

    Нартай бауырым келісемін

  • @КайратАсанов-ю3д
    @КайратАсанов-ю3д 9 днів тому +16

    Букил штрафты арзандау кол жетимди болса

  • @ДуманШырнгысхан
    @ДуманШырнгысхан 9 днів тому +13

    Алла оңдап Аруақ қолдасын Қазағым, Нартай дұрыс айтады..Жоғарыдағылар енді өз менталитетімізді және халық жағдайвн ескере бастапты...Рахымет. 🇰🇿👍

  • @БауыржанКалижанов
    @БауыржанКалижанов 9 днів тому +9

    👍👍👍👍👏👏👏👏👏

  • @ШМАНИСКАКОВ
    @ШМАНИСКАКОВ 9 днів тому +5

    Дұрыс айтасың бауырым. Аман болшы.

  • @galagala-fp5uz
    @galagala-fp5uz 9 днів тому +4

    Алла разы болсын ❤️

  • @КанатНеталиев-э4х
    @КанатНеталиев-э4х 9 днів тому +9

    Букыл министрлерлерды ауыстыру керек бектенов тан бастап курып баратрык

  • @Трон-ц9я
    @Трон-ц9я 9 днів тому +5

    Міне міне енді Халықпен санасу керек.Нартай молодец.

  • @АлашАлаш-ф4щ
    @АлашАлаш-ф4щ 9 днів тому +3

    Жемқорлық жүйені түп тамырымен жоймай ешқандай өзгеріс болмайды.
    Халық билікті өз қолына алуы керек және әділ үкімет құру керек сонда барлық мәселе ретімен шешіледі.
    Саясатты білмеу, әділетсіздікпен күреспеу, ұрпақты аяқ, қолын жіпсіз байлап жауға бергенмен бірдей. Оян қазақтар. АЛЛАҺУ АКБАР.

  • @EQQ555
    @EQQ555 9 днів тому +4

    Басқасын білмеймін осы 5-минуты теріс.Ауаны ластайтындай бір қалада 10-не 20-млн адам тұратын дай.Кең дала ауа деген тек сылтау.Сондай табиғат жанашырлары бола қалады.

  • @ЖусипбековБакытбек

    Керемет Айтылды... Алла Разы болсын ❤ Расында 5 минут деген... Болмайды гой..

  • @GalaxyA-tp7bw
    @GalaxyA-tp7bw 9 днів тому +4

    Осыны кім оилап тапты сол ел артта қалған ел іріген ауыздан шіріген сөз .басқа ел алға қалаи дамуды оилаиды

  • @AbdikovIsqaq
    @AbdikovIsqaq 8 днів тому +1

    Нартай жарайсың.Алла өмір берсін.мәртебең бәлен болсын аман жүр.Осындай елдің мұқтаж ын жеткізетін азаматтарымыз көп болсын

  • @musyka308
    @musyka308 9 днів тому +19

    ЗАҢ ШЫҒАРМАЙ ТҰРЫП ОСЫЛАЙ АҚЫЛДАСЫП,ОНРЕТ ӨЛШЕП БІРРЕТ КЕС ДЕГЕН АТАМ ҚАЗАҚ,БІРАҚ ӨКІМЕТТЕГІЛЕР ОРЫССИЯҚТЫ

    • @K.O.2004
      @K.O.2004 9 днів тому +2

      СКЛЯР КЕТСІН ОРНЫН БОСАТСЫН

  • @ЗауреАлипова-ш6р
    @ЗауреАлипова-ш6р 9 днів тому +1

    Жарайсыздар Асхат Нартай халықтың жағдайын түсінетін азаматтар ,Алланың нұры жаусын.

  • @ЗейноллаКулбайулы
    @ЗейноллаКулбайулы 9 днів тому +6

    Бес минутта көліктін терезесі ашылмайды

  • @УскенбайШамбилов
    @УскенбайШамбилов 6 днів тому

    Жарайсың Нартай-міне халықтың қамын ойлаған азамат!

  • @НУРСУЛТАНМАКСЕТОВ-м2ж

    Кунде жигалыс не шешилди 😢

  • @anuar6488
    @anuar6488 9 днів тому +2

    👍

  • @MechtaMechta-ij6vj
    @MechtaMechta-ij6vj 9 днів тому +2

    Дұрыс Нартай. Енді сау адамды ауру қылып жатқан уақытты өзгертіңдер. Бұрынғыдай болсын.

  • @JenisUrinbaev
    @JenisUrinbaev 9 днів тому +4

    Онын кате екенин бари билип отыргой енди соны узил кесилди токтата алатын адам барма. Ангиме сонда. Айтпесе сылдыр соз адеми ангиме сала кулаш тил баринде де бар. Дам болсын айтып жатыр оны елеп жаткан адам жок. Жалпы осы депутат адвокат дегендерден не пайда ким айталады. Сот дурип даткан жерде адвакат тын отинишин ешким кыстырмайд. Депутаттар осындай соракы зандарды кабылдаган кезде кацда карап отврады.

  • @БаянЖилбаева-ь1д
    @БаянЖилбаева-ь1д 9 днів тому +4

    Миы жоқ министер жұмысынан кетсін

  • @jekenggg1795
    @jekenggg1795 9 днів тому +4

    Дурыс үкімет не тістеп жүр әрең жүрміз бастың бари критит штаф Налог

  • @Саке-ц1я
    @Саке-ц1я 9 днів тому +1

    Жарайсың

  • @СанжарСейтов-х2л
    @СанжарСейтов-х2л 7 днів тому

    Алла разы болсын

  • @АсыланКожанов
    @АсыланКожанов 9 днів тому

    Жарайсың, Нартай, өте орынды мәселе!

  • @ZZZ-q9w9n
    @ZZZ-q9w9n 9 днів тому +10

    Халық көтерілгенде көрерміз қалай сайрайтындарын...

  • @МейрамКултаев
    @МейрамКултаев 8 днів тому

    Жараисын Осындаи халыкты оилаитын Нартаи сиякты азамат коп болсын

  • @ЖанабайЕркебаев
    @ЖанабайЕркебаев 8 днів тому

    Жарайсың Нартай ақжол партиясы алға

  • @СалтанатДжангазиева-г3н

    ЖАРАЙСЫҢДАР НАРТАЙ,АСХАТ, ЕРНҰР ХАЛЫҚҚА ЖАНЫ АШИТЫН ДЕПУТАТТАР БАР ЕКЕН ҒОЙ

  • @GulnarKasenbekova
    @GulnarKasenbekova 9 днів тому +3

    Мына министром Дерек босату керек бес минута кыздыру сумдык сауатсыз осындаилар кетти куртадэ жауыз

  • @nyrlan.usypov82
    @nyrlan.usypov82 9 днів тому +1

    Өте дұрыс. Ұйым керек емес.

  • @НуржанСапиев-ю9г
    @НуржанСапиев-ю9г 9 днів тому +5

    Айтылып жатқан ангіме іс жүзінде жаслса енді ескеріліп.

  • @СалтанатУзбекова-й1г

    Дұрыс айтасыз колдаймын

  • @ShalkarNishanbayev-j7o
    @ShalkarNishanbayev-j7o 9 днів тому +1

    Жарайсың аға

  • @ЗамираБагымова
    @ЗамираБагымова 9 днів тому

    Кештен болсада занды кайта карар деп оилаймын Дурыс айтасын ❤

  • @ДастанТурсынгожин-е2й

    Айналайын Аралбай халықтың жағдайы суы тартылған Аралдай боп тұрғанын депутаттармен үкімет шын көрмейма жоқ көргісі келмейма?

  • @ТемурТаке
    @ТемурТаке 9 днів тому +1

    Әп бәрекелді дұрыс айтасың

  • @КыдыргалиМухамбетияров

    ЖОҒАРЫДА отрғандар дым ақлдығои өз міндеттерін басқаға ысырып қалықты бірбіріне айдастрып өздері міндеттерінен құтылыуғои.Көлікті 5 миноттан артық қыздруға болмайды деп шешкен ал көшедегі бірнеше машинаның кептелісін қайтеді бірнеше минот тұрған соны шешсін ақлгөилер.Жанжақты оиламай отрадыда шешім шығарасалады.

  • @Akjoltay-oy8xx
    @Akjoltay-oy8xx 9 днів тому

    Өте дұрыс айтасыз

  • @АигулШалова
    @АигулШалова 6 днів тому

    Жарайсыз мен сізді қолдаймын

  • @ШыныбекСактаганов
    @ШыныбекСактаганов 9 днів тому +5

    Халықтың жынына тиіп,бір күні бұрқ еткізейін тұрсыңдар ғой өңшең миғұла топастар!

  • @ГулназЖанзакова-т1ф

    Нартай бұл сөзімен уақыт өткізеді. Мүлдем сенбеңдер.

  • @bayjigitbayjigit1396
    @bayjigitbayjigit1396 8 днів тому

    Жарайсін

  • @OppoA78-m9p
    @OppoA78-m9p 9 днів тому +2

    Әу бастан осыны қабылдамай тұрып,реттеуге болмады ма а?!

  • @united4350
    @united4350 9 днів тому +1

    Ендігі ішкі істер министрлігінде тәртіп сақшылары штраф салғандай жақсы жұмыс көрсеткендей ынтамен неге басқа істерге келгенде осал
    Шымкентте қаланың ортасында адамдар көп жерде жоғалған оқушы қызды бір аптадан бері ешқандай дерек таппай жатқаны ақылға нашар жұмыс осындай мәселелер толып жатыр

  • @НурболБекжанов-ф4ж
    @НурболБекжанов-ф4ж 9 днів тому +1

    Халықтың атынан жөнді сөйлейтіндер бар болғаны қуантады👍🏾👍🏾🤟🤟

  • @AlimgazyEshanov
    @AlimgazyEshanov 2 дні тому

    Қамшыбек Ташиевтей жігіт керек қазақстанға!

  • @Sunammii
    @Sunammii 9 днів тому

    Нартаи.жараисын.алга

  • @МәкенАбиева
    @МәкенАбиева 9 днів тому +2

    АВТОКӨЛІКТ 5 МИН ҚЫЗДЫРУДАН БАСҚА ЖҰМЫС ЖОҚПА, ҚАЗАҚ ЕЛІН БАСҚАРҒАН МИНИСТР. ТІПТІ ҰЯТ.

  • @МаратРамазанов-с4ю

    5 минут оталдырып тұру деген заңды қабылдап қаншама адам аиыпул төледіғои оны қабылдамай жатып аиту керек

  • @Myrzakarim-lm8xl
    @Myrzakarim-lm8xl 9 днів тому +2

    Өте друс . ққалыққа салмақ салабервермей. Завот , фабрика сияқты касып орындар салу керек. Шет елдерден тасымаймыз

  • @ЖарасбекНиязымбетов

    Бұл өкіметтін бір спиктаклі ғо 😂😂😂😂😂 адамдардын көнілін аудару

  • @АлмараАманбаева
    @АлмараАманбаева 9 днів тому

    Өте дұрыс айтады ,қолдаймыз

  • @ЖаксылыкМухамбетжанов

    дурыс айттын колдаймыз

  • @СултангалиТажбаев
    @СултангалиТажбаев 9 днів тому +4

    Склярдің орысқа Янекске жол берді.

  • @ДАРХАНАСТАНА-ю3ф
    @ДАРХАНАСТАНА-ю3ф 9 днів тому

    Оте дұрыс айтасыз

  • @АзаматКоштибаев
    @АзаматКоштибаев 9 днів тому

    Өкіметті тарату керек халық өзі қайта сайлау керек бұрыңғы келе жатқан депутат министірлерді жұмыстан қысқарту керек ұйықтап отырған

  • @ЕркынЖунуспеков
    @ЕркынЖунуспеков 9 днів тому

    Дени дурыс Бир бауырымыз соиледи

  • @ОрынбасарИбраев-к4г

    Машинаны 5минуттан артык кыздыруга болмайды дейди😅😂😂😂😂ма кандай керемет оте оте акылды екен биздин биликте отыргандар,танкаламын 😅

  • @МаксЖУЗ
    @МаксЖУЗ 9 днів тому +2

    Нәртәй мәә.ееее.айтқыш қой .пайдаасы өз басынан артылмаған біреу ғой.аэс,сағат,утиль,тб айтты өзгермейді.өзгерткің келмейді.қуыласың ееей балаааа қойсааай.

  • @АдлетИгисинов-в3ч
    @АдлетИгисинов-в3ч 9 днів тому

    Нартай дурысайтат

  • @МуратканАбишев
    @МуратканАбишев 9 днів тому

    АвтоКөлікті бес минут қыздыру деген ұсынысты қабылдағандарды дереу қамау керек себебі сондай мазақ ұсыныстардың арты халық ішінде бүлік тудырды жәнеде әлемге мазақ болдық яғни қазақстанның беделіне нұқсан келді іс шара қолдануға негізі бар шығар пракурор мырзалар

  • @ТайкелтырДастанұлы

    Дурыс айтасын машйна 5минутта кызбайды

  • @КулсинОрынбаева
    @КулсинОрынбаева 9 днів тому +2

    Нартай сен билікке айтуын айтасың ау бірақ орындата алмайсың.Қанша тақырыпқа нүкте қойып жатырсың ақыр соңы қайырма мен бітеді.Бүгінде солай болады ау.

  • @НурлыбекДарикулов

    Қолдаймыз

  • @ДжозеффСтепан
    @ДжозеффСтепан 9 днів тому +1

    Қазақтың Жириновскийісіңғой сен)))Нартай Жириновский

  • @zamirakasymova
    @zamirakasymova 8 днів тому

    Халыкты ашындырып биликпен ортасын ашып 'мемилекеттин шанарагын шайкау ушин кисынсыз зан шыгаратын мысык тилеули ак жагалылар кобейп келеме калай? Байкандар!

  • @user-xg3pq3ko2c
    @user-xg3pq3ko2c 9 днів тому +1

    Нартай сені біреу естідіма қалай ойлайсын алде бұл спектакль ма.

  • @ЖумабекБайджанов-г3ь

    ЕШТЕН КЕШ БОЛСАДА АРТЫҚ . ДЕПУТАТТЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРІҢДІ ПАЙДАЛАНЫП СЕНДЕР АЙТПАҒАНДА ПАРЛАМЕНТ ТӨРІНДЕ , ХАЛЫҚ ҚАЛАЙ АЙТСЫН , МЕҢІРЕУ , СОҚЫР , МИСЫЗ ҮКІМЕТ ҚҰРАМЫНА .

  • @АлиеваРаушан-ж1р
    @АлиеваРаушан-ж1р 9 днів тому

    Жарайсың Нартай бауырым

  • @МадиярМайрыков
    @МадиярМайрыков 9 днів тому

    Осыларды бұрын , тыңдайтынмын мын қазір мән бермеймін ел болуымыз қиын болып тұрғой

  • @ГалымжанОразбеков-д6и

    Жарайсаңдар депутаттар нартай аралбай. Асхат аймағанбетов елнұр бейсенбаев

  • @АсилханТерликбаев

    Көлікті бес минуттан артық қыздырса штраф салу деген күлкілі жағдай, көрші елдерге мазақ болдық, қай елге барсаң да мазақтап күледі, сендерді министрлерің мен депутаттарың есектің миын жеген бе деп айтады. Өзбек ағайындарға да Қырғыз ағайындарға барсаң да мазақ етеді.Бұл деген халықты тонау деп айтып жатыр. Тіпті ұят енді мынау.

  • @lazzat_9391
    @lazzat_9391 9 днів тому +1

    Бир катындаи болмадындарго шындыкты аитып еди шыгарып жибердиндер Нартаи кояасалшы

  • @iapirim001nakzhbanbia
    @iapirim001nakzhbanbia 8 днів тому

    адамның санасына берсін

  • @Жанат-у4ъ
    @Жанат-у4ъ 9 днів тому +1

    Яндекс налог толесин 23процент алады водительдерден

  • @ЖамалЕскалиева-ь5с

    Штраф салады ,бірақ көлік жүргізуші,автобуста жол ақысы қымбаттайды. Халықтың қалтасын қағу.

  • @КенесбайУмбеталиев-г6л

    Бар екенсингой Нартай Аралбай улы

  • @ХаятХаятович-и4м
    @ХаятХаятович-и4м 8 днів тому

    Таксистер ин ша АЛЛАХ укиметти бир АЛЛАХка салып койдык баска айтарым жок амал жок ИП ашып истеп жатырмын кайтемин балашагам аш калады кридит коп карыз коп ким беред акша 😢😢😢😢😢😢

  • @КонысКуатбаев
    @КонысКуатбаев 9 днів тому

    "Бәз баяғы-баяғы,белдеуде қалды таяғы"демекші,"саудың сөзін сөйлеп аурудың асын ішу" бұл 35жылғы ауру, осыған сенгің келмейді.Болмаса қаптаған штраф туралы заңды шығарған осы депуттаттар емес пе әлде сол күнгі талқылауда бұлар болмаған ба?