Кетпен-күрек арқалаған тұрғындар мен депутаттың текетіресі

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 28 вер 2024
  • Қызылорда облысы Жалағаш ауданында өз үлесіміздегі жерді өзіміз жыртып, өзіміз дән себуіміз керек деп кетпен, күрегін арқалаған бір топ тұрғын облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықовадан көмек сұрап келді. Айтуларынша үлескерлерге жылына азғантай ғана күріш беретін шаруа қожалығының төрағасы пай үлесі бар жұмысшыларды құлша жұмсайды екен. Ал ауыл тұрғындарының еншісіндегі 169 гектар жерді бір жылдан бері өздеріне қайтарылмауына облыстық мәслихат депутаты ықпал етіп отыр дейді жиналғандар.
    Қолдарына кетпен, күрек көтере келгендер - Мырзабай ахун ауылының тұрғындары. Жер үлестерін бір жылдан бері қайтара алмай жүрген шаруалардың шыдамы таусылған. Айтуларынша шаруа қожалығының қазіргі басшысы жұмысшыларды жалақыға, үлескерлерді дивидендке жарытпай келеді. Жер үлесі бар жандар қожалықтан бір жылға тек жарты қап күріш қана алғандарын айтады. Сондықтан үлескерлер өз үлестерін алып бөлек қожалық құрмақ болған.
    АЙГҮЛ ТЕМІРБАЕВА, Мырзабай ахун ауылының тұрғыны:
    - Алатынымыз 75 мың айлық. Оның жартысын ұстап қалады. Дивидендіміз 25 кг күріш жылына. Ал басқа жоңышқаларды өз айлығымыздан сатып аламыз.75 мың айлық кімге жетеді?!
    Кетпен, күректен бөлек ауылдықтардың қолдарына ұстаған плакаттарда облыстық мәслихат депутатының аты-жөні жазылыпты. Үлескерлер төрағаға жер үлесімізді бергізбей отырған да дәл осы халық қалаулысы дейді. Айтуларынша қожалықтың басшысы да, тіпті ауылдың әкімі де сол депутаттың туыстары. Сондықтан бұл мәселе аудан ішінде шешілмей тұр дейді.
    САҒЫНТАЙ ӘБІЛТАЕВ, Мырзабай ахун ауылының тұрғыны:
    - Келінін шаруашылықтың ген директоры қылып сайлаған. Үлкен баласын зам директор қылған. Бажасын төраға қылған. Сосын ауыл әкімі қылып өзінің туған балдызын сайлаған. Соның бәрі сыбайластық емей, немене?!
    Ал облыс әкімдігіне жиналғандардың мәселесін тыңдауға жер қатынастар басқармасының басшысы шықты. Шенді қожалықтың ішкі жұмысына араласа алмайтындарын айтады.
    СҰЛТАН МАҚАШЕВ, Қызылорда облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы:
    - Бөлініп шығуға праваңыз бар ғой. Ақыры сотқа берген екенсіздер. Енді соттың шешімін күтейік.
    Тұрғындар наразы болған депутат осы шаруашылықты бірнеше жылдан бері өзі қаржыландырып келе жатқанын айтады. Сонымен қоса қожалықта жұмыс істейтіндердің жалақысын кемітіп, не кешіктіріп берген кезіміз болмады дейді. Ал туыстарының бірі әкім, бірінің қожалық төрағасы болуына менің ешқандай ықпалым болмады деп отыр.
    ИМАМЗАДА ШАҒЫРТАЕВ, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты:
    - Бұл әңгіме күз айында да көтерілген. Жерімді аламын дегендерге қарсы емеспін. Ауылдың әкімін сайлайтын құзырым жоқ. Әкімді сайлайтын депутаттар. Қазақпыз ғой бәріміз. Түртіп кетсе туысқанбыз.
    Бүгінде Жалағаштағы жер үлесіне байланысты мәселені облыстық сот қарап жатыр. Тұрғындар егер сотта да мәселе шешілмесе, кетпендерін иыққа салып Елордаға дейін бармақ.
    Абай Нұржанұлы, Рахымжан Ысқақов
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    UA-cam - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informb...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
    #жер_дауы #пай #жұмысшылар_наразылығы #депутат

КОМЕНТАРІ • 73

  • @КанатУмирбаев-щ6э
    @КанатУмирбаев-щ6э 3 роки тому +14

    Үлеске берген жерді тексеру керек. Барлық жерде бардак . Жер сұрасаң. Жер бөлімі қашат. Үкімет тексерсе екен.

    • @Астана-е5з
      @Астана-е5з 3 роки тому +4

      Қайдағы үкімет.Сол үкіметіңғо тонап отырған.Қашан ми кіреді.Құл болмаңдар

  • @daukesha.01
    @daukesha.01 3 роки тому +19

    Оңбағандар, жұмысшыларға аз беріп, өздері бәрін сатып шалқып отыр ғой

    • @DARIYA_LIKE
      @DARIYA_LIKE 3 роки тому

      Дұрыс байлар оңбағандар байларды құрту керек

  • @ККСККС-в7с
    @ККСККС-в7с 3 роки тому

    Халық сайлау керек әкімді

  • @Школьник-в5э
    @Школьник-в5э 3 роки тому +5

    Ұят мәселе екен

  • @РУЗАЕрежеп
    @РУЗАЕрежеп 3 роки тому +8

    ЖЕМҚОРЛАРДЫ ҚҰРТУ КЕРЕК. БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ ОСЫ ЖАҒДАЙ .ҚҰР АҚТАЛМАЙ АҚ ҚОЙЫҢЫЗ. АҚАЯҚ ТҮЛКІЛЕР ДІҢ АЙЛАКЕРЛЕРДІҢ ЗАМАНЫ БОЛЫП ТҰР.ДҰРЫС ҚАРА ХАЛЫҚТЫ ТЫҢДАП ЖЕРІН ҚАЙТАРУ КЕРЕК.

  • @НуржамалАймурзаева-й7э

    ЖАРАЙСЫЗДАР ӘР-БІР КЕУДЕСІНДЕ ЖАНЫ БАР ХАЛЫҚ ӨЗ ҚҰҚЫҒЫН ТАПТАТПАУ КЕРЕК БОЛАШАҚ ҰРПАҚТАРЫҢЫЗ ҮШІН СІЗДЕР АҚЫРЫНА ШЕЙІН ТҰРЫҢДАР

  • @raikhandakenova3486
    @raikhandakenova3486 3 роки тому +6

    Депутаттардың қалай сайланатыны белгілі ғой,сорлайтын қазақ. Дұрыс президенттке барыңдар. Ол кісі білсін мына бетсіздерді.

  • @ТуребекИсмайлов
    @ТуребекИсмайлов 3 роки тому +6

    Зан жок биздин елде

  • @ЕржанАрапбай
    @ЕржанАрапбай 3 роки тому +6

    Ондайларды сабау керек негизи биреудын хаккын жеп жатиргои

  • @МоллАпорт-с6о
    @МоллАпорт-с6о 3 роки тому +7

    Не деген бассыздык.

    • @Санек-р6х
      @Санек-р6х 3 роки тому

      ортеу керек урим бытагымен

    • @БахыткульБайменова-ш7п
      @БахыткульБайменова-ш7п 3 роки тому

      СУМДЫК КУРТУ КЕРЕК БУЛАРДЫ КАРА ЖУМЫС ИСТЕП ЖАЛАКЫ АЗ, КУНГЫ КУИЫП ЖУРЕДЫ. ТУЫС ТА КАРА ЖУМЫС ИСТЕСЫН ЖУРТ КУСАП. АКША КЕРЕК БОЛСА. БЫРЕУ ДЫН НАНЫН ЖЕМЕЙ.

  • @МеиржанЕшимов
    @МеиржанЕшимов 3 роки тому +18

    Ойпырмай мынау халыққа қарайтын үкімет бармекен? 75 мың айлық деген 75 тиын ғой. Мына заман не болып барады

  • @МанасХайров-э3я
    @МанасХайров-э3я 3 роки тому +2

    Халықа көмектесіндер халықтын еш кінәсі жоқ

  • @БайБек-ы8з
    @БайБек-ы8з 3 роки тому +2

    Не болып кетті, митингіге не үшін шығады, ойламайма, барлық шенеунікті тергеу керек

  • @AdamAdam-ic2ob
    @AdamAdam-ic2ob 3 роки тому +7

    Бермендер жерлеринди,куришин орыптастандар оз жерлерингой,керек болса атысындар

  • @КыдырбекМолдабеков

    ҰЯЛМАЙ ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ДЕП ҚОЯДЫ, ХАЛЫҚ ҚАНАУШЫСЫ.

  • @КурмашИльясов-ъ6к
    @КурмашИльясов-ъ6к 3 роки тому

    Ой мына депутаттардың бәрі , ХАЛЫҚ ЖАУЛАРЫ ҒОЙ . ОУ ӨКІМЕТ ҚАЙДАСЫҢДАР .

  • @ГалымШалкар
    @ГалымШалкар 3 роки тому

    Дурыс халыктыки каитарып алындар

  • @maimakkyz6432
    @maimakkyz6432 3 роки тому +4

    Информбюро, мына жас студенттер каникулға шықты, не істейд енді, үкіметтен хабар әперіңдер, 2-3-4курс студенттеріне қандай жұмыстар бар, осы жайлы депутаттар недейд, шетелге аттанатындай бәрінің жағдайы жоқ қой, жұмыс жоқ бұл не болд заман, сөйтіп жүріп қайнаған жастар толқиды біркүні, мына спорт тренажёр залдары мен бассейндарға да бара алмайды студенттерде қайдан қаржы болсын, бассейндар өтте қымбат, бұған дейін тіс стомотолгиясының барлығы жекеменшік и бағасы жайлы сұрағанбыз, неге жауап жоқ, информбюро журналистері біліп беріңіздерші

  • @nurmuhammedmustafa1796
    @nurmuhammedmustafa1796 3 роки тому

    Алла сактасын

  • @talapbaigazin2072
    @talapbaigazin2072 3 роки тому

    Халык сайлау керек

  • @АлмасНурпейсов-л8ж
    @АлмасНурпейсов-л8ж 3 роки тому +4

    Опшым жұмабектің бажасы сияқты екен

  • @kaleliliasov2446
    @kaleliliasov2446 3 роки тому +1

    Халық аир шоқпар алып шықса үкіметке кіын болады жер мәселемен ойнамайды

  • @ТолебайШонбасов-я6т

    Бұл қазақ баяғы өкімет, шүкір недеген мисыздық өкімет ауысқан жоқ қой сол өкіметің солардың істеген нәтижесі ғой кімнен көресің кім кінәлі.Баяғы қу көт мінез өкіметке жағыну, ей қу көт өзің кінәлісің.

  • @ДарханАбсадыкова
    @ДарханАбсадыкова 3 роки тому

    Ертен еккен егиндерине малдарды жайып жиберу керек,босада сол еккен куриш халыктын колына тиип жаткан жоккой

  • @ДарханАбсадыкова
    @ДарханАбсадыкова 3 роки тому +1

    Жерди беруге карсы емеспин деп тур,онда неге осы уакытка дейин созбактап жур,типтен миыгынан кулип болар емес кой мынау типтен,

  • @Астана-е5з
    @Астана-е5з 3 роки тому +2

    Қайдағы халық қалаулысы .Сендер сайлап па едіңдер? Өз-өздеріңді алдап жүрсіңдер.

  • @ККСККС-в7с
    @ККСККС-в7с 3 роки тому

    Қашан аузымыз бір болса,бәрінде жеңеміз!!!

  • @ДамирКумаш
    @ДамирКумаш 3 роки тому

    Коррупция

  • @ЕдилАймахан
    @ЕдилАймахан 3 роки тому +1

    Бұл депутат сымақ неге бизнеспен айналысады.

  • @jaksylykbymurat3120
    @jaksylykbymurat3120 3 роки тому

    оибаи неше жыл отыз бес мын мен де жумыс ыстеды ауылдык жерде отрк болмасын уш торт жылдын ышынде жетпыс мын болды мектептегы карауылдын бары кымбат ит омыр

  • @svetali6446
    @svetali6446 3 роки тому

    Это говорит о том, что землю надо национализировать . Пусть все, кто хочет работать , работают во благо государства

  • @Summer-ft6yn
    @Summer-ft6yn 3 роки тому

    Бұлар неге халықтың жағдайын қиындата береді не деген көргенсіз адамдар

  • @Путлер-б3э
    @Путлер-б3э 3 роки тому

    60 мын мен журккой президент ози алгыс хат берип отыр жыл сайн 75 мын жаксы гой маган караганда

  • @АлмасбайОракбай
    @АлмасбайОракбай 3 роки тому

    ДЕПУТАТ БОЛСА БОЛДЫ ХАЛЫҚТЫ ҚИНАИТЫН БОЛҒАН БА ЖАҚСЫ ЕМЕС ШЕНДІЛЕР ҚАРА ХАЛЫҚТЫ ҚИНАУДЫ ҚАШАН ҚОИАСЫҢДАР

  • @РайанаЖанибекова
    @РайанаЖанибекова 3 роки тому

    Не деген..тусуниктис.халк сорлылар озиде миылары ашип кеткен айран болып..бииликтин коздери кормейди..кулактары еситпейды...кетпен ..курек..шалгы орак..бесака..айыр..алып..халык отиниш емес ...талап ету керек..сонда карапайым халыктын омири жаксы болып озгереди..

  • @ЛЕНИНВЛАДИМИРИЛЬИЧ-ь1в

    Тамаша тамаша емес бірақта ол
    Бір мезгіл кетпен күрек ұстамаса деп бекер айтпаған екен

  • @ГуляМубарак
    @ГуляМубарак 3 роки тому

    ПОЧЕМУ МОЛЧИТ ГЛАВА ОБЛАСТИ ! МЕСЯЦ НАРОД ТРЕБУЕТ ОТВЕТА ВСЕ КУПЛЕНЫ ДОЛЖНОСТИ КЫЗЫЛОРДЫ ВЫЙТИ ОБЪЯСНЕНИЯ ДАЙТЕ ! ! !

  • @АдилбекДосжан
    @АдилбекДосжан 3 роки тому

    Неге жер дауы Кызы Ордада коп.Кара халык жиналып акимге келеди бирак буларга жауап берип жаткан аким жок.Барин сатып алган ба.Немесе аким касипкерден корка ма.

  • @СакенАленова-л3н
    @СакенАленова-л3н 3 роки тому +1

    Облыс әкімі қалың ұйқыда ма

    • @Астана-е5з
      @Астана-е5з 3 роки тому +1

      Ол ұйқыда емес,ол тезірек жеп Тайсам деп жүрген шығар.

  • @Kz-is6dx
    @Kz-is6dx 3 роки тому

    Казак халкы котерилмесин агаллар котерилсе россия тоскауыл болалмай калад

  • @РиччиБраун
    @РиччиБраун 3 роки тому

    Бізге Италиялық мафия керегі жоқ. Бізде Қызылордалық мафия, одан өтпесе кем емес,. Мафия демей немене, депутат -аудан әкім- заң органдары-ауыл әкімі бір біріне оратылып тұрады, ОРДАЛЫ жыландай, олардың біріне тиіссе шағады жылан құсап.

  • @talapbaigazin2072
    @talapbaigazin2072 3 роки тому

    Депотат дегендер кимдер

  • @Алашорда-з8ч
    @Алашорда-з8ч 3 роки тому

    Жерди сатып жиберсендер
    Типти араса алмайсындар
    2026 жер сатылса
    50жылдансон дау шыгады
    40жылда ел жаңа
    50жылда жер жаңа
    Деп дәл айтқан атам қазақ

  • @ГалымжанУтенов
    @ГалымжанУтенов 3 роки тому +7

    Кокейын акша тескедер, нестепжатырсындар акшанын барын, ен болмаса кара жерды берындершиш халыкка

  • @kazakkazak580
    @kazakkazak580 3 роки тому +6

    Депутат аш коз ищаккой парахор

  • @НазираКабылкак
    @НазираКабылкак 3 роки тому +3

    Ауылды өстіп көркейтпекшіма.халыкты зарлатып

  • @azamatazamat9344
    @azamatazamat9344 3 роки тому +8

    Обалай кара халык кор болат кайда болмасын, маскара

  • @СветаКалеева-ж9ъ
    @СветаКалеева-ж9ъ 3 роки тому +2

    Жарты қап куриш акимди тез арада куып шығару керек

  • @ДамегулБисекен
    @ДамегулБисекен 3 роки тому +1

    Кудайдан тапсын депутаттар, халыктын мандай терин жеген желкелеринен шыксын

  • @Алпамыс-щ6ъ
    @Алпамыс-щ6ъ 3 роки тому +1

    Депутат кулып тургои менсынбеи

  • @МаксатКудербаев
    @МаксатКудербаев 3 роки тому +1

    Арамтамак депутаттар

  • @ДамирКумаш
    @ДамирКумаш 3 роки тому

    Трайбализм

  • @talapbaigazin2072
    @talapbaigazin2072 3 роки тому

    Неге депотаттар сайлайды акимди

  • @БаганалыИманур
    @БаганалыИманур 3 роки тому

    Сумектер