Қорғаныс министрінің орынбасары Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Прохорович Блиновқа барды.
Вставка
- Опубліковано 1 лют 2025
- Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Прохорович Блиновқа барды.
Ол майдангерге өзінің әскери еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, оған Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың атынан құттықтау хат табыс етті.
Биыл 10 қаңтарда Федор Прохорович 101 жасқа толды. Ол Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Александровка ауылында дүниеге келген. Соғыс кезінде байланысшы болып қызмет етті. Беларусь, Украина, Польша және Чехословакияны азат ету үшін шайқастарға қатысты. Жеңісті Германияда қарсы алды
Ол I және II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Ерлігі үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен және басқа да наградалармен марапатталды.
Бүгінде Федор Прохорович қызымнн бірге тұрады. Ол бес баласы, 55 немересі және бірнеше шөбересі бар үлкен отбасының басшысы.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Алматы қаласында Ұлы Отан соғысының 25 қатысушысы ғана тұрады. Олардың әрқайсысы Қарулы күштердің әскери қызметшілері мен жоғары оқу орындарының курсанттарының назары мен қамқорлығында.
Жеңістің 80 жылдығына арналған естелік акциялар мен іс-шаралар еліміз бойынша жалғасуда. Ұрпақтарды біріктіріп, Ұлы Отан соғысының батырларын еске алады.