Жүктілік кезде УЗИ неше рет түсу керек?

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 8 вер 2024
  • 💡Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) - диагноз қоюда, жатырдағы ұрықтың күйін бақылауда кеңінен қолданылатын тексеру әдісінің түрі. Зерттеудің бұл түрі ұрықтың жынысын анықтап қана қоймай, болашақ нәрестенің жатырдағы дамуынан толық ақпарат береді.
    💡Ол мына уақыт аралығында жүргізіледі:
    1. 10-14 апта
    2. 20-24 апта
    3. 30-34 апта ❗️10-14 аптада УДЗ дәрігерге жүктілік мерзімін нақты анықтауға және ұрықтың дамуында қандай да бір ауытқушылықтар бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді. Жатырдағы нәрестенің дамуы, жолдасының (плацента) күйі, қағанақ суын (околоплодные воды), босанғанға дейін баланың жынысы келесі зерттеулер барысында бақыланады. Кей мамандар 1-ші УДЗ да ақ баланың жынысын анықтап береді!!!! ❗️20-24 аптада барлық ұрық органдары толықтай дамып, қалыптасады. Осы кезеңде жасалатын УДЗ сол дамыған ағзалардың қалыпты жағдайдан ауытқуын анықтауға мүмкіндік береді. УДЗ арқылы ұрықтың бет-пішінін көріп, көзінің арақашықтығын байқап, мұрын сүйегінің ұзындығын, ерін және таңдай жырығы ауруларын көруге болады. Ми, жүрек, асқазан, өкпе, бүйрек, ішек, қуық, омыртқа қалай дамып жатқаны туралы да білуге болады. Сондықтан осы кезеңдегі УДЗ-ның маңызы жоғары. ❗️30-34 апталық кезінде жүргізілетін үшінші УДЗ-нің негізгі мақсаты - баланың босанар алдындағы жағдайы мен жатырда қалай жатқанын анықтайды. Яғни бала басымен немесе жамбасымен келіп тұр ма, кіндікдіктің оралуы бар ма , жок па? салмағы қандай, бұрынғы зерттеулер кезінде байқалмай қалған ақаулар жоқ па - осы сұрақтарға жауап алынады. ❗️Жүктілік кезінде кей аналар «құрсағымдағы сәбиіме УДЗ зиян» деп бас тартады. Бұл дұрыс емес. Оның соңы сәби дамуындағы аздаған ақаулардың үлкен кемшіліктерге ұласуына алып келеді.
    Бірақ кейбір аналар УДЗ-ға жиі түсе береді . Баланың жағдайына уайымдап, дегенмен көреткіш болмаса , УДЗ-ға көп түсудің қажеті жоқ❗️
    #узи #жүктілік #жуктилик
    #гинекологшымкент
    #акушергинекологшымкент
    #әйелдергекеңес
    #жүктілік
    #жүктілергекеңес

КОМЕНТАРІ • 4

  • @user-zr2ro5gv2d
    @user-zr2ro5gv2d Рік тому +1

    Ракмет көп көп. Бәрі тусінікті

  • @user-km1cc4el6d
    @user-km1cc4el6d 10 місяців тому

    Рақмет сізге

  • @Zarina20_05
    @Zarina20_05 Місяць тому

    Ұрық неше аптада узиде көрінеді? Ұрық жатырға түскенсәттен бастап көрінеді ма әлде 5 6аптпсында ма