12 жастағы қызды зорлаған азамат неге әлі жазаланбаған?

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 13 жов 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Шымкентте 12 жасында зорлық көрдім деген қыз азғындыққа барған адамның заңмен жазаланғанын қалайды. Оның айтуынша, осыған дейін айтылған шағымды да, ата-анасы жазған арызды да полицейлер дұрыс қарамаған. Тергеуші түлкі бұлаңға салынып, қылмыстық істі сотқа жеткізбей екі рет тоқтатып тастады дейді. Енді әділдік іздеген қаршадай қыз бен оның жақындары адвокаттарға жүгініп отыр. Тақырыпты әріптесім Оразай Нұртайұлы жалғастырсын.
    Түрін көрсетпеуді өтінген қаршадай қыздың айтуынша, ол бастан кешкен сұмдық жайт осыдан 2 жыл бұрын болған. Сөзінше, өзін 19 жастағы жігіт алдап кездесуге шақырып, 12 жаста екенін біле тұра мәжбүрлеп жыныстық қатынасқа түсірген. Алайда ол бұл әрекеті үшін жаза алмақ түгілі, күдікті деп танылмаған да дейді жеткіншек.
    ЖӘБІРЛЕНУШІ:
    - Түркістан облысының күдікті бір азаматы мені пәтерге апарып зорлаған болатын. Келісімсіз, қинап, телефонымды алып қойды. Осы уақытқа дейін мен қатты күйзеліп, болған жайт туралы айта алмадым. Енді осы іс бойынша ақпан айында іс қайта ашылды. Сонымен осы 6 ай аралығында біздің осы ісімізді екі рет тоқтатып тастады.
    Оқиға белгілі болғанда жеткіншектің жақындары құзырлы органға жүгініп, ақпанда полицияға арыз қалдырған. Алайда одан еш нәтиже шықпаған. Бүгінде "зорлық көрдім" деген қыздың құқығын қорғауға кіріскен адвокаттар қылмыстық істің дұрыс қаралмағанын айтады. Тергеушінің өзі бірқатар заңсыздыққа барған дейді.
    АЙМАН ОМАРОВА, адвокат:
    - Ол дәлелдерді өшіріп тастаған. Әлеуметтік желі арқылы заңсыз әрекет жасаған тұлға 12 жастағы қызға: "Қыздығыңды тіге саламыз, ананы бүйтеміз-сөйтеміз" деп жазған дәлелдің бәрін өшіріп тастаған. Бірақ бізде көшірмелері бар. Енді бұл жерде Әл-Фараби ауданының полиция қызметкерлері істі қайта-қайта тоқтатып жатыр.
    Шымкент қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қыздың жақындары ақпанда жазған арызға қатысты қозғалған қылмыстық іс сот-медициналық сараптаманың нәтижесінде арызданушылардың уәждері расталмауына және қылмыстық құрамның болмауына байланысты тоқтаған. Ал адвокаттар оқиғаны "кәмелетке толмаған баланы зорлау" қылмысы бойынша қайта тергеуді талап етеді. Ол үшін қажетті айғақтар барын айтты. Құқық қорғаушылар бүгінде бас прокуратура мен балалар омбудсменіне хат жолдаған. Олар қылмыстық істі тоқтатқан тергеушінің де үстінен шағым түсірген екен.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ • 17

  • @ШолпанБосшаева
    @ШолпанБосшаева 2 місяці тому +1

    12 жастағы қызды келісімсіз деген нес

  • @Hello-t6k
    @Hello-t6k 2 місяці тому +2

    Жыныстық тәрбие ғана құтқарады. Үйде айтылмаса, мектепте айтылу керек. Порноны көріп алып, шын көріп, еліктейді. Бұл қауіпті.

  • @АдайАдай-и2щ
    @АдайАдай-и2щ 2 місяці тому +1

    12 жастағы қыз кездесуге шығады,ата ана қайда? Сөздеріне қарағанда (қыздық) оңған қыз емес-ау. Іштен бәрін біліп туған пәле болды ғой

  • @РысбекОрынбасар-в3ж
    @РысбекОрынбасар-в3ж 2 місяці тому

    Қыз неге барады бармасын!!!

  • @СерикОлло
    @СерикОлло 2 місяці тому +1

    Айттымгой казакстанда зан жок адилдик жок , калай бул бейликти тамырынан озгертуге болады айтыныншы

  • @ADGAdg-sf1hu
    @ADGAdg-sf1hu 2 місяці тому +1

    Атыптастандар болды зан болмаса.

  • @НуржанЖетербаев-г9т
    @НуржанЖетербаев-г9т 2 місяці тому +1

    Зан жок болса озимиз жазалайык зато котин кысып журеди

  • @АбзалБухарбаев-с3ц
    @АбзалБухарбаев-с3ц 2 місяці тому +2

    Бес миллион алған мвдның бастығы енді істі жауып отыр

  • @ЕрболатАмангелды-л6й
    @ЕрболатАмангелды-л6й 2 місяці тому +1

    Ешқайсысы омып тұрған жоқ, құзырлы орган пара алған ба сонда әдейі 2 рет тоқтатса? Зорлаған адамды неге қамамайды түрмеге, неге қызды ата-анасы қадағаламайды?

  • @Сицилия
    @Сицилия 2 місяці тому

    Айман ханым кириссе миндетти турде нптиже болпды👍.Оте грамотныы адвокат!

  • @фф502ТаФф50Та
    @фф502ТаФф50Та 2 місяці тому

    Акша всё решает в Казахстане беспредел.

  • @Акимжан-ы7ю
    @Акимжан-ы7ю 2 місяці тому

    Педавиыл.25.жыл.берындер

    • @Бетельгейзе-и7р
      @Бетельгейзе-и7р 2 місяці тому +1

      Өмір бойына соңғы заң бойынша

    • @svetlananusipovna4812
      @svetlananusipovna4812 2 місяці тому

      ... 🤰👯🤱💑👭 Залымдар женген заман болды ! Зулымдар зулымдыктарын асырып жатыр ! ...

    • @ЖанарРахимова-д8ш
      @ЖанарРахимова-д8ш 2 місяці тому

      Педофилдар кобейип кетти, ози озинен калай жииркенбейди, оданда ана жерин кесип тастамайма, калай Гана хайуандарданда томен тусип кеткен, хайуан да балага тииспейди